Последняя
Новость

Қазақстанда тұңғыш Әлеуметтік кодекске қол қойылды

209 Поделиться

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне қол қойды.
Кодексте қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамтуға атсалысу және зейнетақымен қамсыздандыру шараларының негізгі жеті бағыты көрсетілген. Сондай-ақ, олардың мемлекеттік қолдау жүйесіне теңдей қол жеткізуі мақсатында отбасының цифрлық картасын енгізу және атаулы әлеуметтік көмек түрін күшейту секілді бірқатар жаңартулар енгізілді. Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, сақтандыру жүйесін заңды жұмыспен қамтуды ынталандыру мүддесіне сай өзгерту және жұмыспен икемді қамтылудың барлық түрін мойындау жоспарлануда.