Последняя
Новость

Жетісу облысында «PARYZ» ҰЖБК-мен бірлесіп әлеуметтік серіктестік мәселесін талдаудың пилоттық жобасын іске қосу жоспарлануда.

160 Поделиться

Жетісу облысы әкімдігі мен «PARYZ» конфедерациясы қаладағы ірі кәсіпорындар жұмысын негізге ала отырып, өңірде әлеуметтік серіктестікті талдаудың пилоттық жобасын жүзеге асырмақ. Сондай-ақ, аймақтағы бизнес өкілдеріне үздік әлемдік тәжірибе жайында оқыту жұмыстары ұйымдастырылады.
Осы және өзге де мәселелер жуырда өткен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысында талқыланды. Мұнымен қоса, облыс әкімдігі мен «PARYZ» конфедерациясы күн тәртібінде әлеуметтік серіктестікті дамытудың бірлескен жоспарлары мен Жетісу облысындағы кәсіподақтарды аумақтық біріктіру іс-шараларын қарады.