Последняя
Новость

Халықаралық еңбек ұйымына (ILO) мүше елдер жаһандық коалиция жұмысы жайлы талқылады.

147 Поделиться

Аталған коалицияны құру бастамасы ХЕҰ басқару органының 2023 жылғы наурызда өткен 347-сессиясында жарияланып, қолдау тапты.
Коалиция әлеуметтік әділеттілік пен лайықты жұмысты ілгерілету мақсатында көпжақты ынтымақтастық пен серіктестік қарым-қатынасты кеңейтуді көздеп отыр. Бұл, өз кезегінде, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетпек.
20 шілдедегі талқылау нәтижесіне сай, бірқатар тармақтарды қайта қарастырып, жақын арада дайын құжатты ұсыну жоспарлануда.