Последняя
Новость

PARYZ Конфедерациясы алаңында Қазақстандағы ірі жұмыс берушілердің онлайн кездесуі өтті.

168 Поделиться


Онда жалақыны индексациялау, түнгі уақытта, үстеме жұмыс және кәсіпорынның тоқтап тұрған кезінде еңбекақы төлеу, сондай-ақ, өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде қабылданатын іс-шаралар жайлы талқыланды.
Халықаралық еңбек ұйымы осы мәселелерге қатысты ЭЫДҰ елдеріндегі еңбек нормаларының зерттеу нәтижелерін көпшілік назарына ұсынды.
Бұл Қазақстандағы жұмыс берушілерге Еңбек Кодексінің негізгі мәселелері бойынша сапалы ұстанымдарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Конфедерация жұмыс берушілерге аталған тәжірибенің барлық маңызды әлеуметтік және еңбек мәселелеріне қатысты қолданылатынын атап өтті.