«PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы Астана қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, елорда кәсіпорындарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.
Кездесуге қатысушылар еңбек қатынастары, еңбекті қорғау және әлеуметтік әріптестік саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Негізгі мәселелердің бірі-еңбекті көп қажет ететін салалар үшін шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жеңілдету.
«PARYZ» Конфедерациясы қатысушыларға бизнесті қолдауға, әлеуметтік шиеленісті азайтуға және жауапты кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өз қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды.
Кездесу барысында мемлекет, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы диалогтың маңыздылығы, сондай-ақ еңбек саясатын жетілдіру бойынша бірлескен жұмысқа дайындығы атап өтілді.


