Последняя
Новость

«Қауіпсіз еңбек: жаңа сын-тегеуріндер мен цифрлық шешімдер» халықаралық форумы 28–29 сәуірде Астанада өтеді

26 Бөлісу

Қазақстан Республикасының Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы «PARYZ»,
Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стратегиялық серіктесі ретінде,
«Қауіпсіз еңбек: жаңа сын-тегеуріндер мен цифрлық шешімдер»
атты халықаралық көрме-форумын
Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күніне орай өткізеді.

📍 Күні: 2025 жылғы 28–29 сәуір
📍 Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазмедиа орталығы»

Форум Халықаралық еңбек ұйымы, ЖҚҚ өндірушілер одағы, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Атамекен» ҰКП және ірі жұмыс берушілердің қатысуымен бірлесіп өткізіледі.

Форум еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және осы салалардағы цифрлық трансформация мәселелерін талқылауға арналған еліміздегі ең ірі салалық алаң болады. Оған мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, кәсіподақтардың, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысады.

Бағдарламада ХЕҰ-ның стратегиялық сессиясы, мемлекеттік органдар мен әлеуметтік серіктестер қатысатын пікірталастар, сондай-ақ құрылыс, тау-кен және көлік салаларындағы қауіпсіздік пен кәсіби тәуекелдерді бағалау және оқыту мәселелері бойынша төрт салалық семинар көзделген. Форумда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үздік цифрлық және инновациялық тәжірибелерге ерекше назар аударылады.

Форум аясында еңбек қауіпсіздігіне арналған арнайы көрме өтеді. Онда жеке қорғаныс құралдары мен арнайы киім өндірушілер, медициналық мекемелер, консалтингтік компаниялар мен цифрлық шешім әзірлеушілер өз өнімдері мен қызметтерін ұсынады. Келушілер заманауи технологиялармен танысып, кеңес алып, кәсіби байланыстар орната алады.

📞 Қатысу мәселелері бойынша байланыс:
+7 7172 73 52 82 | +7 771 700 7776 | +7 708 327 88 29
📩 Email: paryz@paryz.org