25–27 маусым аралығында Астанада Komtrans + BUSexpo Astana 2025 көрмесі өтті. Бұл Орталық Азиядағы коммерциялық көлік, автобустар, логистика және жол техникасына арналған ең ірі көрме.
26 маусым күні көрме аясында «Көлік индустриясын дамытудағы негізгі ресурс – кадрлар» атты сессия өтті.
Іс-шараның серіктесі – «PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы.
Талқыланған тақырыптар:
– Кадр тапшылығын бірлесіп шешу жолдары
– Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы шаралар
– Жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру
– Кадр даярлау: білім беруден тәжірибеге дейін
Спикерлер қатарында бизнес өкілдері, жоғары оқу орындарының мамандары, мемлекеттік органдар мен халықаралық сарапшылар болды.
Модератор – Шолпан Әбікенова, «PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер конфедерация бас директордың орынбасары.