Павел Беклемишев Мәскеу авиация институтын бітірді. Еңбек жолын АОМЗ «Гидромаш» конструктор-инженері ретінде бастады, одан әрі 1979 жылдан 1990 жылдарға дейінгі кезеңде осы кәсіпорында бюро, цех, бөлім, бас экономист, директордың орынбасары, бас экономист сияқты әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.1990-1991 жылдары «КРАМДС» корпорациясының бөлім басшысы қызметін атқарды. 1992-1995 жылдар аралығында АОМЗ «Гидромаш» директоры, АО «Гидромаш зауыты» президенті лауазымдарын иеленді. 1995 жылдан бастап АО СП «Белкамит» басшысы болды.Бірнеше жылдар бойы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, Халықаралық тауар өндірушілер одағының басқарма мүшесі, Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбаларды пайдаланушыларға арналған жабдықтар мен қызметтер өндірушілер ассоциациясының басқарма төрағасы, АО «НК «Kazakhstan Engineering» директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.