Сакен Қырықбай

Президиум төрағасының кеңесшісі


Сакен Қырықбай Қазақ мемлекеттік заң академиясында құқық бакалавры, Орталық Азия университетінде қаржы бакалавры, Ұлыбританиядағы Лондон бизнес мектебінде Executive MBA дәрежесіне ие. 22 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар жоғары білікті маман, оның ішінде 15 жылдан астам басқарушы лауазымдарда қызмет атқарған. Кәсіби мансабын сақтандыру саласында бастаған. 2001 жылдан 2009 жылға дейін жеке және мемлекеттік секторда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде сақтандыру саласында жетекші компания - «Нефтяная страховая компания» АҚ, Алматы қаласы әкімдігінің сыртқы экономика комитетінде. «Standard Insurance» компаниясында 3 жыл жұмыс істегеннен кейін «Standard Life» АҚ басқарма төрағасы лауазымына ауысқан. Сакеннің жұмыс жылдары ішінде Standard Life сақтандыру сыйлықақыларын 375%-ға және жалпы активтерін 300%-ға арттыруға қол жеткізді. Сакеннің жетекшілігімен компанияның баланс құны 3 жылда 2,8 есеге артты.