Негізгі мақсаттар:
- Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, оның ішінде, заңдық сүйемелдеу мәселелері бойынша кеңес беру.
- Салалық (қауымдастықтар/одақтар үшін) және ұжымдық (кәсіпорындар/ұйымдар үшін) келісімдерді/келісімшарттарды әзірлеу және жасасу кезінде үйлестіру және сараптамалық қолдау көрсету.
- Заңнамадағы жаңа түзетулер мен нормативтік құқықтық актілердегі өзгертулер бойынша ақпараттық-түсіндіру қызметін ұсыну.
- Әлеуметтік-еңбек қатынастары, әлеуметтік серіктестік мәселелері бойынша құзыреттер орталығының жұмыс істеуі (халықаралық тәжірибе, отандық тәжірибе, кітапхана/құжаттар мен талдамалық материалдар депозитарийі).
- PARYZ конфедерациясы мүшелерінің проблемалық мәселелерін анықтау және оларды шешу бойынша ұсыныстар дайындау.
- Отандық мамандардың, сондай-ақ, ХЕҰ, ХЖБҰ және т.б. өкілдерінің қатысуымен Конфедерация мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен вебинарлары
- Нетворкинг және ортақ іскерлік мүдделер.