Мүшеліктің артықшылықтары
«PARYZ» ҰЖБК екі бағытта жұмыс істейді:
Конфедерация жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк-еңбек мәселелері бойынша мүдделерiне қатысты заңдарды әзiрлеуге белсендi қатысу арқылы олардың мүдделерiн қорғайды. Конфедерацияның міндеті – жұмыс берушілер мүдделерінің ескерілуіне жағдай жасау және оларға қатысты заңсыз әрекеттерді тоқтату.
Конфедерация өз мүшелеріне сервистік қолдау көрсетеді. Оған еңбек қатынастарын реттеу және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беру, заңдық тұрғыда сүйемелдеу қызметі жатады. Сондай-ақ, Конфедерация салалық және ұжымдық шарттарды әзірлеу мен жасасу кезінде сараптамалық қолдау көрсетуге дайын.
«PARYZ» ҰЖБК конфедерация мүшелерінің тең құқығын және өз еркімен ұйымға қосылуын қамтамасыз етеді. Осы қағидатты ұстану негізінде Конфедерация БҰҰ ХЕҰ халықаралық конвенциясының талаптарына сәйкес келетін Қазақстандағы жұмыс берушілердің бірден-бір ұйымына айналды.