Негізгі мақсаттар:
- Әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері бойынша заң шығару қызметіне қатысу
- жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде жұмыс берушілермен келісу және олардың мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.
- Жаңа заңнамалық бастамаларды бірлесіп әзірлеу.
- мемлекеттік органдармен және кәсіподақтармен еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша ұжымдық келіссөздерде мүдделерді білдіру.
- Дау-дамайды сотқа дейін реттеуге қатысу (келісім және бітімгершілік комиссиялары).
- Жұмыс берушіге қатысты заңға қайшы әрекеттер мен заң бұзушылықтар орын алған жағдайда жариялылықты қамтамасыз ету
- БАҚ-пен жұмыс.
- Еңбек кодексіндегі кемшіліктерді, қайшылықтарды анықтау және содан соң оларды регламенттеу үшін мемлекеттік органға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар беру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыру.