«PARYZ» Конфедерациясы Қазақстан Республикасында Лайықты еңбекті ілгерілетуге бағытталған жол картасын жүзеге асыру аясында Халықаралық еңбек ұйымы ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына қатысуда.
Іс-шараға БҰҰ, ХЕҰ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы өкілдері қатысуда.
«PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясы Президиумінің төрағасы Жұмабек Жанықұлов өз сөзінде әлеуметтік диалогты теориялық тәсілдерден практикалық іске асыруға, тараптардың нақты жауапкершілігі мен нәтижеге бағдарлануына көшу қажеттігін атап өтті:
«Жасампаздыққа бағытталған диалог – бұл экономикаға, еңбек нарығына және қоғамға алға жылжу мүмкіндігін беретін шешімдер үшін жүргізілетін диалог», – деді ол.
Екі күн бойы сарапшылар әлеуметтік әріптестікті дамыту, ХЕҰ-ның әлеуметтік диалог пен ұжымдық келіссөздер бойынша негізгі принциптері, дауларды бейбіт жолмен шешу механизмдері, кәсіподақтар құру еркіндігі, жұмыс берушілердің өкілділік критерийлері және әлеуметтік әріптестік туралы заң жобасының басымдықтарын талқылайды.



