Последняя
Новость

9 шілдеде Алматы қаласында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша тренерлерді дайындау оқу семинарының» 2-кезеңінің ашылуы өтті.

7 Поделиться

Шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Жақыпова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Т.Оспанқұлов, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

«PARYZ» жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясының Төралқа төрағасы Ж.Е.Жанықұлов құттықтау сөз сөйледі. Ол Халықаралық еңбек ұйымымен бірлескен білім беру жобасының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. ХЕҰ Халықаралық оқу орталығымен жасалған келісім негізінде «PARYZ» Конфедерациясы Қазақстандағы оқыту бағдарламасының бірыңғай операторы болып табылады. Бұл жоба Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылып отыр.