Последняя
Новость

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы «PARYZ» ҰЖБК-мен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруда.

9 Поделиться

«АрселорМиттал Теміртау» металлургия және тау-кен өндіру саласындағы ірі компаниямен өткен кездесу барысында «PARYZ» ҰЖБК қызметі мен Конфедерация мүшелігіне қосылудың артықшылықтары жайлы талқыланды.
Тараптар әлеуметтік серіктестікті дамытудың маңыздылығы, әлеуметтік-еңбек қатынастарын дер кезінде шешудің өзектілігі және бұл мәселелердің аймақтағы экономикалық даму мен тұрақтылыққа тікелей әсері туралы пікірлерінің ортақ екенін білдірді.
Жақын арада «АрселорМиттал Теміртау» «PARYZ» ҰЖБК мүшелігіне қосылу мәселесін ұжымдық түрде талқылауды жоспарлап отыр.