Последняя
Новость

«Demeu» мотивациялық қаржы өнімі «МАК» ӨСК» АҚ – PARYZ алаңында таныстырылды

12 Бөлісу

2025 жылғы 19 маусымда «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» Өмірді сақтандыру компаниясы» АК (бұдан әрі – «МАК «ӨСК» АҚ) өкілдері «PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлтық жұмыс берушілер конфедерациясы құрамына кіретін ұйымдар мен қауымдастықтар үшін «Demeu» қаржы-сақтандыру құралының эксклюзивті таныстырылымын өткізді.

Презентация барысында «МАК» ӨСК» АҚ мамандары ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау тәжірибелерімен, құнды кадрларды ынталандыру және ұстап қалу құралдарымен, сондай-ақ «Demeu» бағдарламасының артықшылықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, сақтандыру компаниясы мен сақтандыру өнімін таңдауда қандай факторларға назар аудару қажет екені және АҚШ долларымен жинақтау арқылы өмірді сақтандыру нарығындағы ең жоғары табыстылықты қалай алуға болатыны талқыланды.

Бүгінгі күні кез келген компанияның тиімділігі мен тұрақтылығының негізгі факторларының бірі – қызметкерлердің әл-ауқатына қамқорлық көрсету. Қызметкерлердің қаржылық қорғалуы – олардың болашаққа сенімділігінің кепілі. Қаржылық сауатты және қорғалған мамандар – тұрақты, ұйымшыл әрі адал ұжымның негізі.

Сонымен қатар, кадрлардың тұрақтылығын арттыру, негізгі қызметкерлердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету – еңбек өнімділігінің, қауіпсіздіктің және компанияның стратегиялық көрсеткіштерінің өсуіне тікелей әсер етеді.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жинақтаушы өмірді сақтандыру – қаржылық жоспарлаудың міндетті элементі. Бұл мәдениет біртіндеп Қазақстанда да қалыптасып келеді, халықтың көбі өмір сүру деңгейін сақтау мен ұзақмерзімді қаржылық тұрақтылық үшін капитал қалыптастырудың маңыздылығын түсіне бастады.