Қазақстан Республикасының астанасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясымен бірлесіп ұйымдастырған «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумы өтті.
Еңбек күніне орай Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясымен бірлесіп ұйымдастырған «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумы өтіп жатыр.
Форум мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасында ашық диалог үшін маңызды алаңға айналып, өндіріс алдыңғылары мен еңбек ардагерлерін құрметтеу салтанатына себеп болды.
Шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жакупова, «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының президиум төрағасы Жұмабек Жанықұлов, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Мәжіліс депутаттары, кәсіпорын жетекшілері, кәсіподақ бірлестіктерінің және еңбек ұжымдарының өкілдері елдің барлық өңірлерінен қатысты.
Форумның басты мақсаты – адамның еңбегінің маңыздылығын мойындау, оның қоғамдық беделін арттыру және қазіргі заманғы еңбек саясатының негізгі элементі болып саналатын әлеуметтік әріптестікті нығайту болды.
Қазақстан Республикасында Еңбек күні 10 жылдан астам уақыттан бері атап өтіледі. Еңбек мамандықтары жылы аясында бұл мереке ерекше мәнге ие болды, өйткені ол қоғамның дамуының негізі болып табылатын адал еңбек ететін барлық азаматтарға деген терең құрметті білдіреді. Қазіргі таңда елде шамамен 2,5 миллион маман жұмыс істейді. Олардың арасында шахтерлер, металлургтер, педагогтар, энергетиктер, медициналық қызметкерлер, құрылысшылар, агрономдар, технология мамандары және тағы басқа бар.
Іс-шара Қазақстан Республикасында жарияланған Еңбек мамандықтары жылы аясында өтті.





