Последняя
Новость

Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

161 Поделиться

Шара барысында қала кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттар мен әлеуметтік аударымдарды төлеуге қатысты ұйымдардың қарыздары туралы мәселелер қарастырылды. Алғашқы мәселе бойынша, жыл басынан бері жазатайым оқиғалардың салдарынан 32 қызметкер зардап шеккен. Мұндай оқиғалардың басым бөлігі құрылыс саласында орын алғаны анықталды. Оның басты себебі – кәсіптік қауіп-қатерді ескерту жүйесінің жоқтығы.
Ал екінші мәселе бойынша, қазіргі сәтте Нұр-Сұлтан қаласындағы 9 кәсіпорынның әлеуметтік аударымдарды төлеу жөнінде қарыздарының бар екені белгілі болды. Аталған компанияларға қатысты қарызды өтеу шаралары туралы хаттамалық шешімдер қабылданды.
Сондай-ақ, жиын барысында «Үздік еңбек әулеті», «Үздік жас өндіріс қызметкері», «Еңбек етуші жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша «Еңбек жолы» өңірлік байқауының қорытындысы шығарылды.