Последняя
Новость

«PARYZ» ҰЖБК және JICA бірлескен жобалардың келешегін талқылады

4 Бөлісу

«PARYZ» конфедерациясы Президиумы төрағасының орынбасары Тимур Нахипбеков JICA өкілі Мурояма Мицуо мырзамен кездесті.

Кездесу барысында «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы пен JICA арасындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде төмендегілер айқындалды:

-  бизнес-қоғамдастықтар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту;

-  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында оқыту мен біліктілікті арттыру;

-  бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске қосу.

Тараптар тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға бағытталған нақты бірлескен жобалар жақын арада басталады деген сенім білдірді.

Айта кетейік, JICA - әлемнің түрлі елдерінде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға жәрдемдесуге бағытталған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыратын Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі.