Последняя
Новость

«PARYZ» конфедерациясы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерінің бірлескен жобасын кәсіподақтар назарына ұсынды.

142 Поделиться

Алматыда өткен дөңгелек үстел барысында еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы заңнаманың сақталуын бақылаудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды. Кездесуге Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасы, «Алматы қ. кәсіподақ орталығы» АКБ, «PARYZ» ҰЖБК өкілдері, салалық, жергілікті кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары мен техникалық инспекторлар қатысты.
«PARYZ» ҰЖБК бас директорының орынбасары Санжар Тілләбай өз сөзінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты конфедерация жұмысы және ХЕҰ-мен бірге атқарылып жатқан жобалар жайлы баяндады. Атап айтқанда, ол Атырау облысындағы еңбек дауларын шешудің қолданыстағы тетіктерін талдау жөніндегі пилоттық жобамен таныстырып, кәсіподақтар қызығушылық танытқан жағдайда, ХЕҰ-ға осындай жобаны Алматыда іске қосу бастамасын көтеруге дайын екенін жеткізді.