Последняя
Новость

PARYZ Конфедерациясы кестеге сәйкес бір ай бойы zoom-кездесулер форматында жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен, жұмыс берушілермен мемлекетіміздің барлық өңірлерінде ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізді.

16 Поделиться

«PARYZ» жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясы, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері және кәсіптік одақтар арасында қол қойылған 2024-2026 жылдарға арналған Бас келісімді іске асыру шеңберінде Paryz Конфедерациясы Қазақстанның жұмыс берушілерінің мүдделерін әлеуметтік диалогта қорғайды және 30-дан астам түрлі қауымдастықтарды, шамамен 150 түрлі кәсіпорындарды біріктіре отырып, әлеуметтік әріптестікті дамытуға жәрдемдеседі.

Осыған байланысты, PARYZ Конфедерациясы кестеге сәйкес бір ай бойы zoom-кездесулер форматында жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен, жұмыс берушілермен мемлекетіміздің барлық өңірлерінде ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізді.

Бұл әлі бастама кездесулер. Алдағы жоспарлар бойынша осы кездсеулерімізді көбейтіп, еліміздің барлық мекемелерімен көптеген проблемаларды талқылап, нық шешімдерге қол жеткіземіз. Күшіміз бірлікте!