Последняя
Новость

«PARYZ» –жаһандық еңбек алаңында: ХЕК-тің 113-сессиясына қатысу қорытындысы

21 Бөлісу

Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы «PARYZ» делегациясы 2025 жылғы 2–13 маусым аралығында Швейцарияның Женева қаласында өткен Халықаралық еңбек конференциясының (ХЕК) 113-сессиясына қатысты.

Делегация құрамында:
– «PARYZ» конфедерациясы Президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов,
– Бас директор Қаныбек Жаңбырбаев,
– Президиум төрағасының кеңесшісі Бағлан Батыршаев,
– Ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Жамал Әбікенова болды.

ХЕК аясындағы жұмыс жаһандық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік әділеттілік мәселелерін талқылауға, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымымен және өзге елдердегі серіктестермен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.