Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Онда министрлік "PARYZ” ҰЖБК-мен бірлесіп жұмыс берушілер бірлестіктері туралы заң тұжырымдамасының жобасын талқылады. Бұл тек жұмыс берушілердің мүдделерін білдіретін ұйымдарды біріктіру мәселелеріне арналған ел тарихындағы алғашқы заң жобасы. Оны әзірлеушілердің пікірінше, аталған заңның қабылдануы жұмыс берушілер ұйымдарының қызметін құқықтық тұрғыда қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Атап айтқанда, жұмыс берушілер ұйымдарын құру мәселелері, олардың қызметі мен өкілеттіктері, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы, жауапкершілігі мен құқықтары заңнамалық деңгейде реттелетін болады. Ұлттық заңнаманы Қазақстан ратификациялаған еңбек саласындағы халықаралық стандарттармен сәйкескестендіру мүмкіндігі дәл осы заңды әзірлеу және қабылдау кезіндегі маңызды жайттардың бірі саналады.
«PARYZ» ҰЖБК бас директоры Айдос Абихановтың айтуынша, бүгінгі күні жұмыс берушілер ұйымдары егжей-тегжейлі құқықтық негізсіз қызмет етуде. Атап өтсек, әлеуметтік серіктестік жүйесіндегі жұмыс берушілер ұйымдарының қызметі реттелмеген, бұл Халықаралық еңбек ұйымының қағидаттары бойынша әлеуметтік диалогты дамытудағы негізгі кедергілердің бірі болып есептеледі.
Жалпы, тараптар заң жобасын қабылдау жұмыс берушілер бірлестіктерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, Қазақстандағы әлеуметтік серіктестік институтын нығайту нәтижесінде елдегі оң әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге әкеледі деген пікірде.