Последняя
Новость

Жамбыл облысы кәсіпорындарына арналған таныстырылым

85 Поделиться

«PARYZ» жұмыс берушілер конфедерациясы мен Жамбыл облысы компаниялары бірлескен жұмыс жайында талқылады.
Жамбыл облысы еңбек инспекциясы басқармасының төрағалығымен «PARYZ» конфедерациясы өңірдегі ірі кәсіпорындарға арнап өз қызметі туралы таныстыру жұмыстарын өткізді.
Кездесуге ҚазФосфат, Еврохим, Жамбыл цемент өндіру компаниясы, Ақтас, Т.И.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы секілді кәсіпорын өкілдері қатысты.
Тұсаукесер нәтижесінде қосымша кездесу өткізу және «PARYZ» конфедерациясын аймақтық комиссия құрамына енгізу мүмкіндігі туралы келісімге қол жеткізілді.