Последняя
Новость

«PARYZ» конфедерациясының мүшелері Халықаралық еңбек конференциясының 113-сессиясына қатысуда

30 Бөлісу

«PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының өкілдері Женевадағы Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) штаб-пәтерінде өтіп жатқан Халықаралық еңбек конференциясының (бұдан әрі – Конференция) 113-сессиясына қатысуда.

Делегацияны «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов бастап барды.

Конференцияға қатысу – әлемнің түкпір-түкпірінен келген үкімет, жұмыс берушілер және жұмыскерлер өкілдерімен еңбек, әлеуметтік әріптестік және тұрақты даму саласындағы өзекті жаһандық мәселелерді талқылауға зор мүмкіндік береді.

«PARYZ» конфедерациясы қазақстандық жұмыс берушілердің мүдделерін ілгерілете және еңбек нарығындағы қазіргі заманғы сын-қатерлерді шешуде әлеуметтік диалогтың рөлін күшейте отырып, еңбек саласындағы қаралатын халықаралық міндеттерді қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Іссапар аясында «PARYZ» делегациясының мүшелері ХЕҰ-ның өкілдері және сарапшыларымен бірқатар кездесулер өткізеді.