Последняя
Новость

Әлеуметтік диалог және еңбек дауларын шешу мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстел қорытындыланды

3 Бөлісу

Қазақстан Республикасында лайықты еңбекті ілгерілетуге бағытталған Жол картасын іске асыру шеңберінде Халықаралық еңбек ұйымы ұйымдастырған іс-шараның пленарлық сессияларына «PARYZ» Конфедерациясының мүшелері мен серіктестері, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ, «KAZ Minerals Management» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Қазцинк» ЖШС қатысты.

Бірінші күні жұмыс берушілер ұйымдарының репрезентативтілігі мәселелерін талқылау барысында ХЕҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша бюросының бас маманы Владимир Чурович және «PARYZ» ҰЖБК бас директорының орынбасары Шолпан Әбікенова сөз сөйледі.

Пленарлық отырыстың екінші күні Қазақстандағы қазіргі жағдай және еңбек дауларын шешу саласындағы негізгі сын-қатерлер қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз көзқарастары мен практикалық тәжірибелерімен «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» ЖМ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰК» АҚ, «KAZ Minerals Management» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Қазцинк» ЖШС өкілдері бөлісті.

Сондай-ақ жұмыс берушілер «Еңбек дауларын бейбіт жолмен шешу» сессиясы аясындағы жұмыс топтарының талқылаулары мен презентацияларына белсенді қатысты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Халықаралық еңбек ұйымы әлеуметтік әріптестік тараптарының ұсынымдарын қамтитын қорытынды құжат әзірлейтін болды.