28 ақпанда Гуанчжоу қаласының Наньша ауданында «Жібек жолы планетасы» атты Қытай–Қазақстан бизнесфорумы өтті.
Оған Қытай мен Қазақстан аймақтарынан 60тан астам компания қатысты. Ісшара аясында екі елдің іскерлік орталығының өкілдері саудаөнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Форум күнтәртібінде өнеркәсіптік өндіріс, сауда, қызмет көрсету салалары және «жасыл» энергетикадағы ынтымақтастық перспективалары қаралды. Қос елдің кәсіпорындары екіжақты жобаларды дамыту мен іскерлік байланыстарды нығайту жолдарына баса назар аударды.
Форумға Гуанчжоу қаласындағы Қазақстанның Бас консулы Уәлихан Сарсенбеков, «PARYZ» ҚР ҰЖБК Қытайдағы өкілі Озат Тохтарбаев және іскерлік қауымдастықтың жетекші өкілдері қатысты. Олар ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін және Орталық Азия мен Оңтүстік Қытай нарықтарында өзара ісәрекетті кеңейту мүмкіндіктерін атап өтті.
Форум Қазақстан мен Қытай арасындағы тікелей байланыстарды орнатуға, жаңа жобаларды бастауға және ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға маңызды алаң болды.