Өскеменде өткен үшжақты комиссия отырысында еңбек қауіпсіздігі, өндірістік жарақаттардың алдын алу және Еңбек кодексіндегі жаңа өзгерістер талқыланды.
«PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы атынан Шығыс аймағы бойынша Әлеуметтік диалог орталығының жетекшісі Т.А. Рахимжанова қатысты.
Тараптар кәсіпорындардағы бақылауды күшейту, техникалық инспекторлардың рөлін арттыру және өңірдегі еңбек қауіпсіздігін басқарудың заманауи жүйелерін енгізу қажеттілігіне тоқталды. Қорытынды бойынша мемлекет, бизнес және кәсіподақтар арасындағы диалогты нығайту басым міндет ретінде белгіленді.