Соңғы Жаңалық

БҰҰ делегациясы Ақтаудағы «PARYZ» әлеуметтік-диалогтық орталығында болды

👁 0
Ақтауда БҰҰ делегациясы «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының әлеуметтік-диалогтық орталығымен танысты. Орталық директоры Алигер Инкаров қонақтарға Конфедерация қызметі мен Қазақстандағы еңбек қатынастарын дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан бастамаларды таныстырды.
Кездесуге Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының өкілдері де қатысып, әлеуметтік әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.
БҰҰ делегациясы орталықтың жұмысына жоғары баға беріп, өңірдегі әлеуметтік диалогты дамытудағы рөлін ерекше атап өтті. Тараптар әріптестік қағидаттарын нығайту және еңбек саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша алдағы уақытта да ынтымақтастық орнатуға мүдделі екендерін білдірді.


Тізімге оралу