«PARYZ» Қазақстан жұмыс берушілерінің ұлттық конфедерациясы Женевада өтіп жатқан Халықаралық еңбек конференциясының 114-сессиясына белсенді қатысып, жаһандық деңгейде қазақстандық кәсіпкерліктің мүддесін қорғауда. Делегация сапарының басты мақсаты — халықаралық аренадағы ықпалды күшейту және әлеуметтік әріптестік қағидаттарын жаңа деңгейге көтеру болып табылады.
Конфедерация ХЕҰ институттарының практикалық тиімділігін арттыруды жақтап, жұмыс берушілерді қолдау мақсатында бюджеттік стратегияларды теңестіруді ұсынуда. Даму стратегиясы аясында «PARYZ» ХЕҰ Әкімшілік кеңесіне (ILO Governing Body) мүше болуды көздейді. Бұл қазақстандық бизнестің мүддесін жоғары деңгейде қорғауға ғана емес, сонымен қатар бүкіл Орталық Азия өңіріндегі жұмыс берушілердің үні болуға мүмкіндік береді.
Делегация жауапкершілік пен ашықтық мәдениетін дамытуға ерекше назар аударуда. «PARYZ» әлеуметтік институттарды өзін-өзі бағалаудың халықаралық әдістемелерін енгізіп, «үздік жұмыс берушілер» рейтингін іске асыруда. Бұл бастамалар сындарлы диалогқа негізделген тұрақты бизнес-мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Конференцияға қатысу — қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың жаһандық еңбек күн тәртібіне ықпал етуге және озық халықаралық стандарттарды ел ішінде тиімді жүзеге асыруға дайын екенін айқындайды.