Шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов, Парламент депутаттары, әлеуметтік әріптестер қатысты.
«Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі барысында «PARYZ» Конфедерациясы Президиумының Төрағасы Жұмабек Жанықұлов байқауда 3-ші орын алған шағын және орта бизнес өкілдеріне марапаттар табыс етті:
«Гормолзавод» ЖШС - «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;
«Айбат» ЖШС - «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;
«Жүрек» ЖШС - «Үздік ұжымдық шарт»;
«Рапид» ЖШС - «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін».
«Парыз» сыйлығының Гран-приі «Ақ-Ниет-Агро» ЖШС мен «Қазақмыс» корпорациясына берілді. «Алтын сапа» сыйлығының иегерлері «Karlskrona LC AB» ЖШС және «AG TECH» ЖШС атанды.
Биыл байқауға жалпы 354 ұйым, оның 387-і ірі кәсіпкерлік субъектілері өтініш білдірген. Іс-шараның қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілікте үздік шыққан кәсіпкерлерге арнайы марапат – «Мейірім» орденін тағайындады.