2026 жылғы 18 мамырда елордамыздағы Бейбітшілік және келісім сарайында айтулы оқиға – Қазақстан жұмыс берушілер қауымдастықтарының І Ұлттық форумы өтеді.
Бұл шара мемлекет, бизнес және сарапшылар арасындағы сындарлы диалогты қалыптастыруға бағытталған бірегей алаң болмақ. Форум аясында еңбек нарығының болашағы мен кәсіби дағдыларды дамытудың басым бағыттары талқыланады.
Форумның негізгі тақырыптары:
* Еңбек нарығын трансформациялау және жаңа трендтер;
* Заманауи кәсіби дағдыларды
дамыту;
* Бизнестегі әйелдер көшбасшылығы;
* Мемлекет пен жұмыс берушілер арасындағы стратегиялық әріптестік.
Іс-шараға 100-ден астам салалық қауымдастық өкілдері мен 400-ге жуық қатысушы жиналады. Сонымен қатар, форум аясында республикалық және өңірлік ұйымдардың арнайы көрмесі өтеді.
Ақпараттық анықтама:
* 📍 Өтетін орны: Астана қ., Бейбітшілік және келісім сарайы
* 📅 Күні мен уақыты: 2026 жылғы 18 мамыр, сағат 10:00
* 🔗 Тіркелу: @paryz_org Instagram парақшасының BIO бөліміндегі сілтеме арқылы.
Байланыс деректері:
📧 paryz@paryz.org
📞 +7 776 120 77 66, +7 707 942 05 97