Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, НКР «PARYZ», «Атамекен» ҰКП өкілдері, салалық кәсіподақтар, Мәжіліс депутаттары және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Күн тәртібінде — еңбек міндеттерін атқару кезінде зардап шеккен қызметкерлерге, соның ішінде регрессші-шахтерлерге өмір бойы төленетін төлемдер мен сақтандыру мәселесі талқыланды. Бұл тақырып өте ауқымды, әлеуметтік маңызы бар және өзекті мәселе болғанымен, бүгінгі кездесу алға жасалған маңызды қадам болды. РҮК аясында мұндай ашық диалог форматы алғаш рет өткізіліп отыр.
Министр Асқарбек Маратұлы Ертаевқа және жалпы Министрлікке жұмыс тобының қызметіне қолдау көрсеткені, сенім білдіргені және осы бағыттар бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруға мүдделілік танытқаны үшін алғыс айтамыз.
Еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік жарақаттардың алдын алу — барлық тараптардың ортақ жауапкершілігі екеніне сенімдіміз. Сондықтан мұндай мәселелер ашық диалог пен сындарлы талқылау мәдениеті негізінде, әлеуметтік әріптестіктің барлық қатысушылары үшін әділ әрі тиімді шешімдер әзірлеу арқылы шешілуі тиіс.
Жұмыс РҮК жанындағы жұмыс тобының келесі отырыстары аясында сақтандыру секторының сарапшылары мен әлеуметтік әріптестерді тарта отырып жалғастырылатын болады.