Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері және әлеуметтік серіктестер қатысты.
Отырысқа қатысушылар алдында сөз сөйлеген Аида Балаева Мемлекет басшысының әлеуметтік саланы дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті. Оның айтуынша, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету жаңа Конституция жобасының негізі.
Талқылау барысында әлеуметтік саланы дамыту, жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, сондай-ақ еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелері қаралды.
«PARYZ» Конфедерациясы да Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын және алдағы республикалық референдумды қолдайтынын білдірді.
PARYZ өкілдерінің пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістер құқықтық мемлекетті нығайтуға, мемлекеттік институттардың рөлін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.