Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың ҚР «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясы басшылығымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында 2026 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары талқыланды. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық комиссия жұмысының практикалық бағытын одан әрі күшейту, соның ішінде кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешуге басымдық беру жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Басымдықтар өзгеріссіз қалады: теңгерімді әлеуметтік диалог, тұрақты еңбек қатынастары және бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс жалғасын табады.
Еске сала кетейік, Министрлік пен Конфедерация елдегі үшжақты әлеуметтік әріптестікті дамытуда мемлекет, жұмыс берушілер және жұмыскерлер арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз ететін негізгі серіктестер болып табылады.