Соңғы Жаңалық

Маңғыстау облысында әлеуметтік әріптестік мәселелері талқыланды

👁 0
Ақтау қаласында Өңірлік үшжақты комиссияның отырысы өтті. Жиынға «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы қатысып, еңбек қатынастарын реттеу және өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мәселелерін көтерді.
Тараптар «Enbek.kz» жүйесін қолдану, ұжымдық шарттар жасасу және кәсіпорындардағы даулы мәселелерді заңнама аясында шешу жолдарын талқылады. 
PARYZ өз тарапынан бұл бағыттағы жұмыстарға мүдделілік танытып, жұмыс берушілердің құқығын қорғау мен диалогты жақсарту бойынша ұсыныстарын білдірді.

Тізімге оралу