Соңғы Жаңалық

PARYZ №102 Конвенция бойынша ХЕҰ семинарына қатысуда

👁 0

Ағымдағы жылдың 18-20 қарашасы аралығында Астанадағы «Рэдиссон» қонақ үйінде ратификациялану мүмкіндігін ескере отырып, ұлттық заңнаманың ХЕҰ-ның 1952 жылғы Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі стандарттары туралы конвенциясына (№ 102) сәйкестігін қарауға арналған Үшжақты семинар өтуде.

Іс-шараны ХЕҰ Әмбебап әлеуметтік қорғау департаментінің заңгері Луиса Кармона ханым және Әлеуметтік қорғау және ХЕҰ құқықтық қорғау жөніндегі халықаралық кеңесші Фатима Дзгоева жүргізеді.

Семинарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, «PARYZ» Конфедерациясы, Кәсіподақтар федерациясы, сондай-ақ «Heidelberg Materials Kazakhstan» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «QazaqGaz Өнімдері» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Алтыналмас» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС және «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС.

Еске салайық, №102 Конвенция 9 әлеуметтік тәуекелдің: ауру, жұмыссыздық, кәрілік, өндірістік жарақат және кәсіптік ауруға шалдыққан кездегі медициналық көмек және ақшалай жәрдемақы, отбасының міндеттері, аналық, мүгедектік және асыраушысының қайтыс болу әрекетіне қатысты әлеуметтік қамсыздандыруға жүйелік көзқарасты қамтитын жалғыз халықаралық шарт болып табылады.

Тізімге оралу