Соңғы Жаңалық

«PARYZ» Конфедерациясы Kazakhstan Machinery Fair 2026 бизнес-форумында

👁 0
«PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы «Kazakhstan Machinery Fair 2026» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған украин-қазақстандық бизнес-форумына қатысты.
Екі мемлекеттің СІМ, Украина елшілігі және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен форумда «PARYZ» конфедерациясы Бас директорының орынбасары Шолпан Әбікенова сөз сөйледі. Ол әлеуметтік әріптестік мәселелерін қозғап, ұйымның қызметі мен украиндық және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық нәтижелерін таныстырды.
Тараптар машина жасау және АӨК (агроөнеркәсіптік кешен) саласындағы өнеркәсіптік кооперацияның перспективалары мен компаниялардың технологиялық ұсыныстарын талқылады

Тізімге оралу