«Paryz» ҚР Жұмыс берушілер Ұлттық конфедерациясының Әлеуметтік диалог орталығында (Шығыс өңірі) облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Жиынға «Paryz» ҰЖК ШҚО филиалының басшысы Т. Рахымжанова төрағалық етті.
Талқылауға әлеуметтік әріптестіктің негізгі тараптары: қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері және өңірдегі кәсіпорын басшылары қатысты.
«Paryz» конфедерациясы ХЕҰ (МОТ) еңбек стандарттарының сақталуының тәуелсіз арбитры және кепілі ретінде әрекет ете отырып, еңбеккерлердің мүддесін қорғау үшін билік пен бизнес арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз етуді жалғастыруда.