Соңғы Жаңалық

«PARYZ» Конфедерациясының бас директоры Қ.Жаңбырбаев пен Инвесторлар Одағының басқарма төрағасы Р.Жүрсінов Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

👁 0
🤝 Бүгін «PARYZ» Конфедерациясының бас директоры Қ.Жаңбырбаев пен Инвесторлар Одағының басқарма төрағасы Р.Жүрсінов Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Анықтама үшін: Қазақстан Инвесторлар Одағы 2025 жылғы наурызда Мемлекет басшысы мен ірі бизнес өкілдерінің 2025 жылғы 7 ақпандағы кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан Президентінің экономикалық реформаларын жүзеге асыруға ықпал ету және инвестициялық ахуалды жүйелі түрде жақсарту мақсатында құрылған.
Қауымдастықтың құрылтайшылары KAZENERGY қауымдастығы, Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы және Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы болып табылады.

Серіктестіктің мақсаты – Қазақстан экономикасын дамыту жолында бірлесе жұмыс жасау, әлеуметтік әріптестікті дамыту, инвесторлар мен жұмыс берушілердің мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалды құру бойынша күш-жігерді біріктіру.

Тізімге оралу