Бүгін «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясының басшылығы БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча ханыммен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар стратегиялық серіктестіктің негізгі бағыттарын талқылап, болашақ өзара іс-қимыл жоспарларын белгіледі.
Келіссөздер нәтижесінде кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешуге басымдық беру жөнінде келісімге қол жеткізілді. Басымдықтар өзгеріссіз қалады:
* Теңгерімді әлеуметтік диалог;
* Тұрақты еңбек қатынастары;
* Бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру.
Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.