«PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың Конфедерация басшылығымен кездесуі өтті. Кездесуге Президиум төрағасы Жұмабек Жанықұлов пен Бас директордың орынбасары Тимур Нахипбеков қатысты.
Кездесу барысында еліміздегі еңбек қатынастарын дамыту, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, сондай-ақ кадр даярлау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Тараптар саланың өзекті міндеттері бойынша пікір алмасып, еңбек нарығын одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.