Соңғы Жаңалық

«PARYZ» және «ҚазСтандарт»: бизнес үшін тәуекелдерді азайту және жаңа мүмкіндіктер

👁 0
Бүгін «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы «ҚазСтандарт» РМК басшылығымен және бизнес-серіктестермен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шараға «PARYZ» Президиумы Төрағасының орынбасары Тимур Нахипбеков және «ҚазСтандарт» Бас директорының орынбасары Бақдаулет Ибраимов қатысты.

Бұл кездесу жүйелі диалогтың бастауы болды. Алдағы уақытта тараптар бизнеске стандарттау процестерінде қолдау көрсетіп, экономиканың түрлі салаларына жаңа стандарттарды әзірлеу мен енгізу бойынша бірлесіп жұмыс істемек. Бұл отандық кәсіпкерлердің жаңа нарықтарға шығуына жол ашады.

Тізімге оралу