«PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясы және «ҚазСтандарт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны техникалық реттеу, стандарттау және метрология салаларындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Тараптар жұмыс берушілердің техникалық регламенттер мен стандарттардың талаптары туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ кәсіпорындарда сапа мен қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
Ынтымақтастық бизнеске стандарттаудың заманауи құралдарын тиімді қолдануға және өнім мен қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектеседі деп күтілуде.
«PARYZ» ҚР ҰЖБК бас директоры Қаныбек Жаңбырбаев атап өтті:
«Стандарттардың практикалық пайдасын түсіну жұмыс берушілер үшін тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызды факторы. «ҚазСтандартпен» әріптестік сапа мәдениетін жүйелі түрде ілгерілетуге және бизнеске өзекті ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді».
РМК «ҚазСтандарт» бас директоры Мәлік Сәулебай мәлімдеді:
«Стандарттау мен метрология — өнім сапасы мен бизнес бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететін құралдар. PARYZ Конфедерациясымен әріптестік жұмыс берушілермен диалогты нығайтып, нақты сектордың қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді».