Бүгін «PARYZ» Қазақстан Республикасының Ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Казцинк» компаниясы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Басты тақырып — кәсіпорындарда өндірістік бақылау қызметтерін (ӨБҚ) құру. Бұл — мыңдаған жұмысшының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін «Азаматтық қорғау туралы» заңның талабы.
Кездесу барысында келесі негізгі мәселелер талқыланды:
• Ірі нысандардағы бақылау қызметтерінің тиімді құрылымы;
• ӨБҚ ұйымдастыру кезінде техникалық құрылғылар мен өндірістік жүйелерді қолдану және есепке алу;
• Жаңа және қолданыстағы инженерлік қызметтердің функцияларын ажырату.
Конфедерация жұмыс берушілердің мүддесін қорғауды және қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын енгізуді жалғастыруда.