Соңғы Жаңалық

Өскеменде әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды

👁 0
«Шығыс» әлеуметтік диалог орталығында ШҚО жұмыс берушілерімен кездесу өтті. «PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясының Бас директоры Қаныбек Жаңбырбаев конфедерацияның қызметін таныстырып, оның миссиясы мен бизнесті қолдауға бағытталған жобаларын баяндады. Талқылау барысында қатысушылар өзара іс-қимыл мен бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың нақты қадамдарын айқындады. Бұл шара өңірдегі әлеуметтік диалогты нығайту мен кәсіби бастамаларды дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Тізімге оралу