Соңғы Жаңалық

Жұмыс берушілер мен сақтандырушылар диалог үшін бірігуде.

👁 0
Жұмыс берушілер мен сақтандырушылар диалог үшін бірігуде.
4 желтоқсанда Алматыда «Сақтанушылар мен сақтандырушылар: жазатайым жағдайлардан сақтандырудағы диалог» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Шараны «PARYZ» Жұмыс берушілер Конфедерациясы ұйымдастырды.
Іс-шарада Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау комитетінің, «BCC Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, сондай-ақ бірқатар ірі компаниялар мен бірлестіктердің өкілдері сөз сөйледі.
Міндетті жазатайым оқиғалардан сақтандыру, медициналық-әлеуметтік бағалау мәселелері және т.б. талқыланды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша жұмыс берушілер мен сақтандыру нарығы өкілдері арасындағы жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Жұмыс тобының төрағасы болып «PARYZ»-дың бас директоры Қаныбек Қадырбайұлы сайланды. Кездесу барысында қатысушылар бірлесе отырып, алдағы талқылаулар үшін тақырыптардың тізімін анықтады.

Тізімге оралу