Астанада Жұмысшы мамандықтар жылының жабылуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, ҚР Парламентінің депутаттары, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, «PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясы Президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов, халықаралық ұйымдардың өкілдері, еңбек ардагерлері және конкурс жеңімпаздары қатысты.
Іс-шара барысында жұмысшы мамандықтарының үздік өкілдері, «Еңбек жолы» және «Ерлік пен еңбек дастаны» республикалық конкурстарының жеңімпаздары, сондай-ақ «Жұмысшы жастар аманаты» жобасының қатысушылары марапатталды.
«Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары үш номинация бойынша анықталды:
Үздік еңбек әулеті - Деминдер әулеті (ШҚО, «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен металлургия кешені);
Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері - Ришат Фасхутдинов (Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы);
Өндірістің үздік жас қызметкері - Дильфуза Бахытжанова (Алматы облысы, «Фирма «Бент» ЖШС кран машинисі).
Сонымен қатар «Құрмет» ордені, «Еңбек даңқы» III дәрежелі ордені, «Ерен еңбегі үшін» медальдары мен құрмет грамоталары табысталды.
Жұмысшы мамандықтар жылы еңбекке деген құрметтің, ұрпақтар сабақтастығының және ел дамуы жолындағы еңбек адамының маңызын айқындайтын символға айналды.
Іс-шараның демеушілері мен серіктестеріне: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, «Самұрық-Қазына», ERG компаниялар тобына, KazMinerals және KazZinc компанияларына алғысымызды білдіреміз.