Өнеркәсіпшілер мен Кәсіпкерлердің Халықаралық Конгресі (ӨКХК) – 1992 жылы ақпанда Ресей Федерациясы, ТМД елдері, Еуропа мен Азияның іскер топтары ұлттық құрылымдарының бастамасымен құрылған қоғамдық, үкіметтік емес ұйым.
Бүгінгі таңда, ӨКХК Еуропа мен Азияның 26 елінен өнеркәсіпшілердің іскерлік одақтары мен кәсіпкерлерді, сондай-ақ, жұмыс берушілер ұйымдарын біріктіреді. Атап айтсақ: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Венгрия, Германия, Греция, Грузия, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, Македония, Молдова, Польша, Корея Республикасы, Ресей Федерациясы, Румыния, Сербия, Словения, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Черногория, Чехия және Эстония.
Бұған қоса, ӨКХК мүшелігінің қатарында ұлттық және халықаралық нарықтарда белсенді түрде қызмет ететін түрлі коммерциялық құрылымдар да бар. ӨКХК Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНИДО) мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердегі Парламентаралық Ассамблеяның (ТМД ПАА) ресми мәртебесіне ие. Сондай-ақ, ол Еуразиялық экономикалық комиссия, ТМД Атқарушы комитеті, Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңестері, ШЫҰ, БРҮҚС, Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы, Жалпы қоғамдық кәсіподақ конфедерациясы, “Африкалық одақ” ұйымымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатқан.