Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) - Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде қызмет ететін мекемелердің бірі. Оның жұмысы - бостандық, әділеттілік, әлеуметтік кепілдіктер және адамдық қадір-қасиетті құрметтеу жағдайында әйелдер мен ерлердің лайықты және нәтижелі жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Ұйымның негізгі мақсаты - еңбек құқықтарын қорғауға, лайықты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге, әлеуметтік қорғауды күшейтуге және еңбек саласына қатысты мәселелер бойынша диалогты дамытуға атсалысу.
ХЕҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымындағы бірден-бір «үшжақты» мекеме, ондағы үкімет, жұмыс беруші және жұмыскелер өкілдері ұйым саясаты мен бағдарламаларын бірлесе отырып дайындайды. ХЕҰ – халықаралық еңбек нормаларын әзірлеуге және орындауға жауапты халықаралық орган. 181 мүше-елмен байланыс орнату арқылы ХЕҰ еңбек нормаларының танылуын және іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді